Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалыққа барлық адам жауапты

Тазалыққа барлық адам жауапты

«Тазалыққа бәріміз де жа­уаптымыз». Аудан әкім­дігінде санитарлық та­залық және көркейту-кө­галдандыру жұмыстары жө­нінде өткен жиында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев осылай деді. Аудан басшысы көктем мезгіліндегі тазалық айлығын бастауды қажеттігін атады.

– Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына арналған Жолдауына сәйкес қоғамдағы экологиялық құнды­лықтарды нығайтуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытылған «Birge: Таza Qazagstan» экологиялық акциясы жарияланған болатын. Осы аталған экологиялық акция аясында санитарлық-эпидемиологиялық та­­­­­лап­­тарды сақтай отырып, ауда­нымыздағы санитарлық тазарту, көр­кейту және көгалдандыру жұмыс­тарын бастау қажет деп санаймын. Бұған баршамыз бір кісідей атсалысуымыз қажет, – деді аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы.

Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Бахтияров хабарлама жасады. Бөлім басшысы алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

– 2020 жылы 7 наурыз мен 9 ма­мыр аралығында ауданда сани­тар­лық тазарту, көркейту жә­не көгал­дандырудың екі айлығы белгіленген болатын. Алайда, елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты сенбіліктер тоқтатылды. Десе де, өткен жылы елді мекендерінде 2 рет сенбілік өткізілді. Сондай-ақ «Дүниежүзілік тазалық күні» және «Birgemiz: Taza Alem» республикалық экологиялық акциялары аясында 6 рет сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы алғанда 2020 жылы елді мекендерде 16 670 дана көшет, 7969 шаршы метр гүлзарлар отырғызу, 92,3 шақырым арықтарды тазалау және 602,1 метр қоршауларды жаңалау жұмыстары жүргізілді, – деді Е.Бахтияров.

Ал биылғы жылдың 2 наурызында «Таза Табиғат» ұлттық жобасының республикалық тұжырымдамасы бекі­тілген. Осыған орай «Мекенім – жасыл орманым» жалпыұлттық ағаш отырғызу, «Су – өмір нәрі» су жолдарын тазалау, «Бұл – менің ағашым» атты мектеп оқушылары арасында ағаш отырғызу челлендж, «Таза аула – таза табиғат» абаттандыру шарасы және «Тазалық – денсаулық кепілі» қағидатын ұғындыру іс-шарасы ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар жыл бойына «Birge: Таza Qazagstan» жалпы республикалық сенбілігін, «Таза су айдындары» акциясын, орта білім беру ұйымдарында эко-сағаттарды өткізу жоспарланған.

Өз хабарламасында бөлім басшысы санитарлық нормаларды сақтамай, қоғамдық орындардың ластануына жол берген жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін полиция инспекторларымен бір­лесе рейд жүргізіп, айыппұлдар салуды, нәтижесін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұсынды.

Бұған қатысты аудан әкімі тиісті шараларды қолдануды жеткізді. Атап айтқанда, тазалыққа немқұрайлық танытқандарға жауапкершілікке тартып, жергілікті басылым мен әлеу­меттік желіге жариялауды жүктеді.
– Халқымыз «Ауылына қарап, аза­матын таны» дейді. Ауданның тазалығын сақтап, көркейту-көгал­дандыру жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізбесек өзімізге сын. Сондықтан тазалыққа барлығымыз да жауаптымыз. Санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарының іс-шара жоспары бекітілді. Сол бойынша нақты жұмыстарды атқарып, тазарту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ көгалдандыруға қатысты гүл отырғызып, ағаш егілуі қажет. Оған барлық жағдай қарастырылып отыр. Бұл ретте, тұрғындар жауапкершілікті сезінуі тиіс. Әркім өзінің ауласын, өзінің көшесін таза ұстаса, аудан гүлденіп, көркейеді. Тұрғылықты жерімізді сырттан біреу келіп тазартып бермейтіні анық. Сондықтан тазалық жұмыстарына баршамыз атсалысайық, – деді аудан басшысы.

Жиын барысында аудан әкімі бар­лық ауыл әкімдерімен онлайн бай­ланысқа шығып, тазарту айлы­ғында атқарылатын жұмыстарды сұра­ды. Осыған қатысты мәселелерді тал­қылап, тиісті тапсырмалары берді.

Ердос БЕРКІНБАЕВ

13 наурыз 2021 ж. 833 0