Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Аудан әкімінің мерекелік құттықтауы

Ардақты аналар!
Аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің жарқын мерекесі «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы жан жоқ. Сондықтан әлемдегі мадақ пен құрмет аналар мен аруларға арналады.

Бүгінде әйелдер қоғамымыздың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және басқа да салаларында жүзеге асырылып жатқан өміршең өзгерістерге белсене араласып, мемлекетіміздің күш-қуатының артуына өз үлестерін қосуда. Кәсіпкерліктің қыр-сырын, өндірісті өркендету жолдарын жете меңгерген нәзік жандылар саны жыл санап артып келеді. Бүгінгі қоғамның даму өрісін өмірде – нәзік, қызметте – көреген, жұмыста жігерлі әйелдер қауымынсыз елестету мүмкін емес.

Әйел-аналар – іскерлігімен қатар отбасының ұйытқысы, ырыс-берекесі. Ана қуанышы, әйел қуанышы – отбасының, Отанның мерейі. «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған. Сондықтан жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.

Сырдария ауданында ақыл мен парасаттың, әдемілік пен әділдіктің, ел-халықтың ұйытқысы болған, ерлігі мен еңбегі елге сіңген ардақты аналардың өнегелі өмірі аңызға айналып, ел аузында жүр. Ауданда Еңбек Ері атағын алған 8 азаматтың қатарында батыр аналарымыз Күләнда Әбдіраманова, Балдырған Мұстафаева, еңбек майталмандары Бексұлу Синаева, Райкүл Жалғасбаева, Балапан Арзымбетова, Рысты Өкшебаева, Назира Сисенова апаларымыздың өмірлері – Отанымызға адал қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі, кейінгі ұрпақтар үшін мақтаныш, лайықты үлгі-өнеге болып отыр.

Ардақты арулар!
Қымбатты қыз-келіншектер!
Ауданда 140 мемлекеттік қызметші болса, оның 50-і немесе 36 пайызы әйелдер. Ал 1431 көпбалалы аналардың 415-і «Алтын алқа», 690-ы «Күміс алқа» иегерлері. Бүгінде 847 қыз-келіншек кәсіпкерлік саласында жемісті еңбек етуде. Осы орайда, қоғам мен мемлекет дамуына белсене араласып жүрген ардақты аналарға, аяулы аруларға зор алғысымды білдіремін.

Көктемнің шұғылалы мерекесінде дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Елімізде тыныштық, береке мен бірлік болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі

08 наурыз 2021 ж. 761 0