Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Ана» деген киелі ұғым

«Ана» деген киелі ұғым

Мейірімді жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Нәзік жанды арулардың қоғамда, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Себебі, әйел – ең алдымен, отбасының ұйытқысы, «ана» деген киелі ұғымның иегері, жер бетіндегі сұлулықтың символы.

«Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тер­беткен» аналарға қандай теңеу айтсақ та артық емес. Әйелдердің отбасындағы беделі мен қоғамдағы алар орны отбасының беріктігіне де байланысты болса керек-ті. Қазіргі уақытта көптеген отбасыларында бар ауыртпашылықты арқалап жүретін ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер екені рас. Әйел мен ер азамат отбасының ғана емес, қоғамның да қос қанаты. Сондықтан ер-азаматпен қабаттасып, биліктің биік бұтақтарына өрмелеп, заманның талабына сай әйелдер қауымы өмірдің әр саласында белсенділік танытып, қиындығы мол жұмыстың ауыртпалығына мойымай, түрлі салада табысты еңбек етуде. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне лайықты үлестерін қосуда. Әр әйел өзінше бір әлем. Ерекше болмыс иесі жарық дүниеде бар бақытын отбасынан, азаматы мен балаларынан іздейді. Отбасы бақытынан жылулық табады. Сондықтан әйел бақыты – қоғам айнасы.

Гүлшат Пірімбет,
Сырдария аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы

06 наурыз 2021 ж. 2 086 0