Көшелері самаладай жарық ауыл

Ал инфрақұрылымдық жұмыстарға келер болсақ, өткен жылы елді мекен бойынша Н.Шідербаев көшесіне жөндеу жұмыстары 12 млн. теңгеге жүргізіліп, асфальт төселіп, тиісті жол белгілері қойылған. Сонымен бірге Бейбітшілік көшесінің аяқ жағына қиыршық тас төселген. Осы көшеге 2,2 млн. теңге, Н.Шідербаев көшесіне 1,6 млн. теңге қаржы қаралып, толық жарықтандырылған.
– 2020 жылы ауылда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2,4 млн. теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар Абай көшесі бойынан балаларға арналған ойын алаңы салынды. Енді биыл аудандық бюджеттен М.Әуезов көшесін жарықтандыруға қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы мердігер анықталуда. Осы негізде елді мекендегі барлық көше жарықтандырылғанын атап өткен жөн. Оған қоса, Қайқы батыр көшесін орташа жөндеуге қаржы қарастырылуда, – дейді ауыл әкімі Нұрлан Қарсақбаев.
Ауыл әкімі ауылды өркендету бағытында жоспарлы жұмыстар атқарыла беретінін айтады.
Ердос БЕРКІНБАЕВ