Әлеуметтік нысанмен танысты
Бұрнағы күні аудан басшысы Р.Рүстемов Қалжан ахун ауылына жасаған жұмыс сапары барысында ағымдағы жөндеуден өткен әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.
Аталған нысан 2015 жылы ауылдағы "Гүлдер" балабақшасының жаңа ғимаратқа көшірілуіне байланысты бос тұрған болатын. Осы орайда, ғимаратты мақсатты пайдалану бағытында ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен 800,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.
Бүгінде ғимаратта "Нұр Отан" бастауыш партия ұйымы мен учаскелік полиция инспекторының тірек пункті орналасқан. Сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының №11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қазақша күрес үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеге 20 бала тартылған.
Нысанда ауылдық ардагерлер кеңесінің бөлмесі жұмыс жасауда. Мұнда ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге, атап айтқанда, кітаптар мен баспасөз басылымдарын оқуға, шахмат, дойбы және домино ойнауға мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар шаштараз ашылып, жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер А.Майханова үстіміздегі жылы "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында 505 мың теңге грантқа қол жеткізіп, тұрғындарға шаш және тырнақ күтімі қызметтерін ұсынуда.
"ТТ"-ақпарат