Әріптестеріміз марапат төрінен көрінді
Өтіп бара жатқан аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы қорытындыланған болатын.
Жиын барысында бірқатар жетекші партия жақтастары мен белсенділеріне Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты» табысталды. Олардың қатарында аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, сала ардагері, «Нұр Отан» партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов бар.
Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшелерін қабылдады. Қабылдауда белсенді жастарды Еркебұлан Төлепбергенұлы Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады. Бұл ретте аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Ердос Беркінбаев пен тілші Балтабай Ордабеков марапат төрінен көрінді,
«Тт»-ақпарат