Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Nur Otan» партиясының мүшелері марапатталды

«Nur Otan» партиясының мүшелері марапатталды

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалында барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауының қорытындысы бойынша ел тағдырын айқындаған саяси науқанға бір кісідей белсенді қатысқан барлық партияластармен жақтастарды марапаттау шарасы болып өтті.

Марапаттау шарасында құттықтау сөз айтқан «Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова праймериз өткізумен және партияның әрбір облыс пен қала, аудандар үшін сайлауалды бағдарламасының бекітілуімен қорытындыланған саяси науқан жайында ерекше айтып өтті.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары облыстық, қалалық, аудандық штабтар арқылы жүргізілді. Штабтар құрамында 149 партия мүшелері мен жақтастары, 1128 сенімді өкілдер мен 752 байқаушылар және «Jas Otan» жастар қанатының 456 белсенділері жұмыс жасады. Сайлауалды штабтармен 250 мыңға жуық ақпараттық үгіт материалдары таратылып, 230 мыңнан астам адамды қамтыған 1500-ге жуық шара өткізілді. Партияның белсенділері мен үміткерлері облыстың барлық елді мекендеріндегі сайлаушылармен және барлық әлеуметтік топ өкілдерімен кездесіп, партиямыздың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Осындай, ауқымды шараларды өткізуге тынбастан еңбек еткен барлық партияластарымыз бен жақтастарымызға, жастар белсенділеріне облыстық партия филиалы атынан үлкен ризашылығымыз бен алғысымызды білдіреміз.»-деді төрағаның бірінші орынбасары Ляйла Төрешова.

Іс-шарада партия жақтастары мен белсенділері, «Jas Otan» Жастар қанатының ерікті жастарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хаты табысталды.
28 қаңтар 2021 ж. 497 0