Үгіт-насихат жұмыстары Айдарлы ауылында жалғасын тапты
Кеше Сырдария ауданы бойынша үгіт жұмыстары бастау алған болатын. Үгіт - насихат жұмыстарына партиялық тізімге енген кандидаттар, партияның сенім білдірген тұлғалары және белсенді жастар қатысатын болады. Үгіт-насихат жұмысы Айдарлы ауылында жалғасын тапты. «Nur Otan» париясынан аудандық мәслихатқа үміткер депутаттар сайлауалды бағдарламаларды көпшілікке таныстыруда.
Үгіт-насихат жұмысына Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Сырдария аудандық бөлімшесі жанынан құрылған волонтерлер үн қосуда.
– Өздеріңізге белгілі 10 желтоқсаннан бастап үгіт-насихат жұмыстары басталды. Волонтерлік жұмыстың өзіндік қызықшылықтары бар. Аудан жастары саяси науқанға белсенді үлес қосуда. Мен ел азаматы ретінде дауыс беруге қатысамын және басқа да ел тұрғындарын дауыс беруге қатысып, «Nur Otan» партиясын таңдауға шақырамын, – дейді аудандық мәслихат депутатығына үміткер Ақтөре Ибрагимұлы.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді