Фракция отырысы өтті
Аудандық партия филиалының мәжіліс залында VII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарының алғашқы фракция отырысы өтті. Фракция отырысына аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Т.Дүйсебаев қатысып, жүргізді. Фракция отырысының алғы сөзін алған Талғат Тұрсынұлы VII шақырылым депутаттарын шын жүректен партия атынан сайлануыларымен құттықтады.
Фракция отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Сырдария аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісін сайлау туралы.
2. Сырдария аудандық мәслихатының сессия төрағасының, мәслихат хатшысының, тұрақты комиссиялар төрағаларының кандидатуралары туралы.
3. Сырдария аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының алдындағы міндеттер туралы.
Фракция отырысының шешімі бойынша Сырдария аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісіне Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлының, аудандық мәслихат хатшысына Әжікенов Ержан Ертарғынұлының және тұрақты комиссиялардың төрағалықтарына Ералиев Дархан Жұмашұлы мен Есназар Бағдат Мансүрұлының кандидатуралары бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар, отырыс төрағасы Талғат Тұрсынұлы Сырдария аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының алдындағы міндеттерін айқындап, атқарушы билік органдарымен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.