Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Елбасы: «Сайлау дауыс беріп, кетіп қалатын науқан емес»

Елбасы: «Сайлау дауыс беріп, кетіп қалатын науқан емес»

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде өтіп жатқан сайлау туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Бүкіл еліміз бойынша маңызды саяси іс-шара өтіп жатыр. Біз жергілікті мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын сайлаймыз. Бұл жай ғана дауыс беріп, кетіп қалатын науқан емес. Бұл әр азаматтың билік тармақтарын құруға қатысуының конституциялық міндеттерін саналы түрде орындауы.

Парламент және мәслихаттар біздің еліміздің, мемлекетімізде жұмыс істейтін тиісті заңдарды қабылдауға қатысады. Биыл - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Соңғы 30 жыл ішінде көп іс атқарылғанын жақсы білесіздер. Біз ауызбірлігіміз бен мақсатты жұмыс істегеніміздің арқасында мемлекеттің негізін қаладық», деді Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде.

Еске сала кетейік, елімізде Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Қазақстан бойынша 10 061 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұтастай сайлаушылардың саны 11 млн 820 мың адамды құрайды. Нұр-Сұлтан уақыты сағат 10.00 бойынша электораттың 11,6% дауыс беріп үлгерді.

Фото: АқОрда
10 қаңтар 2021 ж. 562 0