Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Бір сыныптың үздіктері

Бір сыныптың үздіктері

№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 1а сыныбына білікті ұстаз Лаура Бақытқызы жетекшілік етеді. Сыныпта 21 оқушы бар. Олардың 15-і үздік оқушы. Оқушылар қазіргі жағдайға байланысты кезекші топқа бөлініп, санитарлық талапқа сай білім алуда.

Даярлық сыныптан бастап дәріс беретін ұстаздың шәкірттері білім бәйгесінде топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді. Жақында 6 оқушы сауат ашу және математика пәні бойынша www.ubtest.kz сайты онлайн форматта ұйымдастырған байқауға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысымен жеңімпаздар арнайы дипломмен және сертификатпен марапатталды.

−Оқушылардың барлығы да білімге құмар. Олардың жаңаны үйренуге деген қабілеті де тамаша. Даярлық сыныптан бастап әріптерді танытып, оқуды бастадық. Қазір бірінші сыныптың бағдарламасын игерудеміз. Шығармашылық ізденіс − үздік шәкірт тәрбиелеудің негізі, − дейді бірінші санатты мұғалім Л.Бақытқызы.

2014 жылдан бері білім ошағында еңбек ететін бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты − әрбір оқушының жүрегінен орын алу, тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру. Ол үшін тәжірибелі ұстаз жыл сайын біліктілігін арттырып келеді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
23 желтоқсан 2020 ж. 1 269 0