Сырдариялық екі оқушы байқау жеңімпазы атанды
Tirshilik-tynysy.kz. – Жақында Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Онлайн каникул» жобасының іс-шара жоспары бойынша 8-14 жас оқушылар арасында «Отбасылық күндер» тақырыбындағы қашықтықтан облыстық бейнеролик байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынастың жақсы болу керектігі жайлы айту. Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу және балаларды ата-анасын құрмет тұтуға тәрбиелеу. Ана немесе әке баланы әртүрлі тағамдарды дайындауға тарта алады. Бұл қызықты сәтті баламен бейнеге түсіріңіз. Әрине, нағыз аспаздық шедевр жасау үшін талант пен білімге ие болу керек! Ал бұл туралы дайындау барысында айтуға болады.
Байқауға 25 оқушы қатысып, 17 оқушы I,II,III дәрежелі дипломдары және 8 оқушы «Алғыс» хаттармен марапатталған болатын. Олардың қатарында сырдариялық оқушылар бар.
І дәрежелі дипломмен №36 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы Минуара Сермағанбет, №44 мектеп-лицейдің 2 сынып оқушысы Айару Дауылбай марапатталды. Ал ІІ дәрежелі дипломды №35 мектеп-лицейдің 3 сынып оқушысы Меруерт Астраханова, Сандуғаш Болатбек, аудандық оқушылар үйінің оқушысы Диас Батырханов иемденді. Сонымен бірге Алғыс хатқа №135 орта мектеп оқушысы Айару Рүстембекова, аудандық оқушылар үйінің оқушысы Ақбота Рүстемқызы ие болды.