Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды жұмыс атқарылуда

Ауқымды жұмыс атқарылуда

Ақындар «Ақ Шағаным» деп жырлаған аудандағы үлкен ауыл бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен. 5 мыңға жуық халқы бар елді мекенде жыл өткен сайын әлеуметтік мәселелер кезегімен шешімін тауып, тұрғындар тұрмысы түзеліп келеді. «Ауыл» жобасы аясында Шаған елді мекеніне барып, атқарылған жұмыстармен таныстық. Ауыл әкімі Ұлбала Абдраманова биылғы жылы ауылда ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.

– Биылғы жылдың 11 айының жос­пары бойынша қаржы толық иге­рілді. Осының негізінде, ауыл­да­ғы мекемелер жұмысы жүйелі ұйым­дастырылуда. Биыл елді мекендегі Ә.Ата­қаев кө­шесін жарықтандыруға аудан­дық бюджеттен қаржы бөлініп, тиіс­ті жұмыстар жүргізілді. Оған қоса, Ғ.Мұратбаев көшесіндегі жа­рық­тандыру жүйесін­дегі ескір­ген жарықшамдар ауыстырылды. Ал ауыл­ды абаттандыру мен көгал­дандыру бойынша Ж.Омаров пен Т.Мұхамеджанов көшесіне «Жұ­мыс­­­пен қамту жол картасы» бағдар­ламасы аясында ойын алаңы салынды. Бұған 4 адам жұмысқа тартылды, – дейді ауыл әкімі.


Сондай-ақ биыл ауылдық мәде­ниет үйіне жаңадан му­зыка­лық аппаратура алынған. Ал ауыл әкі­мінің өкімімен №14 «Алтын сақа» ба­лабақшасы «Бөбек­жай бала­бақ­ша­сы» болып бекітіліп, мұнда логопед кабинеті ашылып, жабдықталған. Елді мекендегі «Бал­бөбек» бала­бақ­шасы да балғын­дарға мектепке дейін­гі тәрбие беруде нәтижелі жұ­мыс атқаруда.

Шағанда кәсіпкерлік саласы бо­йынша өз ісін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Мәселен, елді мекенде 164 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде, биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Ауылшаруашылық қолдау қоры» АҚ арқылы 6 жо­ба несилендіріліпті. Аталған бағдар­лама бойынша «Микробизнес-Қы­зыл­орда» ЖШС арқылы 2 жо­­ба қар­жы­­лан­дырылған. Сонымен бір­ге «Стартап» жаңа бизнес идеялар­ды іске асыру мақсатында 29 шаған­дық түрлі жобалар бойынша мемлекеттік грантқа ие болған. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының субсидиялау тетігі шеңбе­рінде 1 жоба «Аграрлық несие корпорациясына» АҚ арқылы қаржыландырылыпты. Кә­сіп ашыуға ниет­ті 22 адам «Бизнес бас­тау» жобасы бойынша кәсіпкерлікті игеру бағытында оқытылған.
 
Ауылда әлеуметтік жағдайды жақ­сарту бағы­тында тұрғындар ынтымақ пен тұтастықты ту етіп келеді. Оның ішінде пандемия кезеңінде кәсіпкер­лер халыққа көмек қолын созған.

– Ауылымызда тұрақты түр­де қайырымдылық акциялары жүргі­зіліп келеді. «Шаған Жер» ЖШС, ауыл көлеміндегі мекемелер, же­ке кәсіпкерлер жә­не ауыл жас­тары демеушілігімен бүгінге дейін 176 отбасыға азық-түлік, киім-кешек, мектеп құрал-жабдықтары негізінде көмек көрсетілді. Төтенше жағдай кезінде ауыл кәсіпкерлері Ә.Прәлиев А.Бердібекұлы қайы­рым­дылық жасады. Сонымен қатар «Шаған Жер» ЖШС медициналық құралдармен қоса 10 оқушыға және кәсіпкер Д.Нұрмағанбетов 2 оқушыға планшеттер алып берді. Қазіргі жылу маусымында да бірқатар кәсіп­кертұрмысы төмен отбасыларға көмір түсіріп беріп, өз көмектерін аямауда, – дейді ауыл әкімі Ұ.Абдраманова.

21 желтоқсан 2020 ж. 518 0