Жетікөлдегі жасампаз іс

Жылдар бойы көпшілік тарапынан ауыз суды сағатпен беру жайы кеңінен талқыланып келді. Айта кетеу керек, 152 шаңырақ түтін түтеткен шағын ауылды таза ауыз сумен қамту «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Оған облыстық бюджеттен 144 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 18 жұмыс орны ашылып, уақытында ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді. Бүгінде ауыл халқы 100 пайыз ауыз суға қол жеткізіп, шат-шадыман көңіл-күйде.
Сонымен бірге білімнің қарашаңырағы №174 орта мектеп аумағына қоршау жүргізіліп, абаттандыру жұмысы жандануда. Елді мекен бойынша 135 балаға білім беретін мектеп аумағын қоршауды жыл аяғынан дейін аяқтау жоспарланған. Білім ошағының аумағын абаттандыруға «Энергомонтажналадка» ЖШС жауапты.
Асхат Бодықов,
Жетікөл ауылдық округі аппаратың жастар ісі
жөніндегі әдіскері