Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шағанда күрмеулі мәселелер шешілген

Шағанда күрмеулі мәселелер шешілген


Шаған – аудандағы ең үлкен ауыл. Бес мыңға жуық халық тұрады. Бұл ауыл кезінде айрықша стратегиялық бағыттағы совхоз саналды. Өткен ғасырдың орта шенінде елді мекенде ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін МТС құрылған. Әрине, халық көп болған соң МТС осында орналастырылды. Құрамында 39 ұжымшар, жүздеген техника, екі жүздей жұмысшы мамандар қамтылған. МТСта радиатор жөндеу, слесарлық цехтары, темір ұстаханасы, жанармай базасы, электр станциясы жұмыс істеген.
Осындай маңыздағы ауылдың бүгінгі ахуалы тұрақты, өркендеуі өрісті. Маңызды салаларда тиісті жұмыстар атқарылса, елді мекендегі «Шаған-Жер» ЖШС халықты жұмыспен қамтып отыр. Оған қоса, шаруашылық «Байқоңыр» ӘКК-мен бірлесіп, «Шаған Агрофуд» бірлескен кәсіпорынын құру арқылы мал сою алаңының құрылысын, ет өнімдерін өңдеу цехын, 1000 бас мүйізді ірі қара малдарын сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі бойындағы ауыл тұрғындары өз кәсіптерімен шұғылдануда. Негізі, бұл ауылда күрмеулі деген мәселелер шешім тапқан.

Е.БЕРКІНБАЕВ
19 қаңтар 2019 ж. 1 121 0