Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сайлауалды штаб жұмысын бастады

Сайлауалды штаб жұмысын бастады

Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалында аудандық сайлауалды штабының ресми ашылу шарасы өткізілді. Шараға «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасы Еркебұлан Жақып және партия белсенділері, мәслихат депутаттығына үміткерлер қатысты.


Ашылу салтанатында Сырдария аудандық филиалы төрағасы Еркебұлан Жақып аудан тұрғындарына фейсбук әлеуметтік желісі арқылы мәлімдеме жасады. Сонымен бірге, 10 желтоқсаннан  үгіт-нәсихат жұмыстары басталғандығын айтты.  

– Биылғы жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан даәлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды.Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін,  қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады, – деді Сырдария аудандық филиалы төрағасы Еркебұлан Жақып.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Сырдария аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
11 желтоқсан 2020 ж. 556 0