Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт түрлерінен жарыс

Ұлттық спорт түрлерінен жарыс

«Nur Otan» партиясы құрылғанына 20 жыл толуына орай, бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жарыс өткізілді.
Жарыстың ашылуында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы жарысқа қатысушы белсенді партия мүшелеріне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Ерташов сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының шарасы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытудағы маңыздылығына тоқталды.
«Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа 24 команда қатысып, орын алған командаларға дипломдармен арнайы кубок табыс етілді.
03 қазан 2019 ж. 759 0