Әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Жиында бөлім басшысы Мақсұт Қаратаев «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай ұжым қызметкерлерін аталған мерекесімен құттықтап, әлеуметтік саланың өркендеуіне, дамуына қосқан үлестері үшін өз алғысын білдірді.
Өз кезегінде Мақсұт Амануллаұлы Әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбектері шын мәнінде маңызды әрі қажет екендігін жеткізе отырып, бірқатар сала мамандарын аудан әкімі Т.Дүйсебаевтың «Алғыс хатымен» марапаттады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ