Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдария ауданында көшпелі отырыс өткізілді

Сырдария ауданында көшпелі отырыс өткізілді

Бүгін Сырдария ауданында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық комиссияның көшпелі отырысы өткізілді.


Көшпелі отырысқа «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық комиссияның төрағасы Райкүл Байназарова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрім, аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев кент және ауылдық округі әкімдіктерінің әлеуметтік қызметкерлері мен мектеп директорлары және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Көшпелі отырысты ашқан аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев отырыста көтерілетін мәселелер бойынша жиналғандарға ақпарат берді. Өз кезегінде облыстық мәслихаттың «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық комиссияның төрағасы Райкүл Байназарова кездесудің негізгі  мақсатына тоқталды. Сонымен бірге,  күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды. Ал, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдікәрім көпшілікке мемлекет тарапынан  көрсетілетін әлеуметтік қолдаулардың жүзеге асуын түсіндірді.


Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Мақсұт Қаратаев Сырдария ауданында мүгедектерді жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытында атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады.   

Жиын қорытындысында сала мамандарына мүмкіндігі шектеулі жандар көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауап алды.


Балтабай ОРДАБЕКОВ 

10 қараша 2020 ж. 589 0