Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЛАҒАШТА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ

ЖАЛАҒАШТА ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ШЕШІЛЕДІ


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мәлімдеді.
"Сырдария, Қармақшы аудандарының газдандыру жұмыстарына байланысты сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қаралды. Алғашқы жобалау кезінде агрессорлық станса Жалағаш ауданының тұсынан салынады деп жоспарланған болатын. Бірақ, Қараөзек арнасы маңындағы үлкен су айдындарына байланысты Тереңөзек тұсынан салынатын боп өзгертілді. Ал, Жалағаш тұсынан және кент ішінде газ құбырларын жүргізуге 132 млн теңге қажет. Жоба-сметалық құжаттарына қаржы келер жылы бөлінер болса, 2019 жылы ауданның 14 мың халқы көгілдір отынның рахатын көреді", - деді аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев.
Жалпы, Жалағаш ауданы аграрлық өңір болғандықтан ауыл шаруашылығы өндірісіне басымдық берілген. Облыс басты дақыл күріштен тарихта бұрын-соңды болмаған 500 мың тонна сыр маржанын жинаса, Жалағаш ауданы 129 мың тонна күріш жинап, үлес қосты.
Сонымен қатар, ауданның ауыл шаруашылығы саласында 14 серіктестік, 133 шаруа қожалығы және 25 фермерлік қожалық жұмыс жасайды. 40 өндірістік кооператив құрылған.
Сондай-ақ, шаруалар мал басын арттыру мақсатында мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалануға барынша ат салысуда. Соңғы жылдары сапаға ынта қойған шаруашылық басшылары мен мал егелері асыл тұқымды малды сырттан әкелуге және қолдан ұрықтандыруға ден қойып отыр. Аудан бойынша 15 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс жасайды. Биыл 1807 бас мүйізді ірі қара малы қолдан ұрықтандырылды.
01 желтоқсан 2017 ж. 2 016 0