Шаруашылық тілектестігі

– Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Аудан айнасы саналатын «Тіршілік тынысы» газетіне көп еңбек сіңіріп, қара қаламыңызға түрлі саланың мамандарын арқау етіп, жаңалықтың жаршысы бола білдіңіз. Біздің серіктестіктің жүйелі жұмысын мерзімді басылымға жарыққа шығарып, ақпараттық қолдау білдіргеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздің ізденіске толы еңбек жолыңыз – жас қаламгерлерге үлгі-өнеге. Сізді зейнет демалысына шығуыңызбен «Шаған-Жер» серіктестігінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын. Алдағы өміріңізге бақыт, отбасыңызға амандық және өзіңізге зор денсаулық тілеймін, – делінген серіктестік директорының құттықтауында.
Шаруашылық тілектестігіне қарымды қаламгер Ш.Нұрсейітов шынайы алғысын білдіріп, білікті басшы Ж.Сыздықов бастаған серіктестіктің биік белестерді бағындыруына ниеттес екенін жеткізді.
«Тт-ақпарат»