Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі жастың мәртебесі

Мерейлі жастың мәртебесі

Сыр өңірінде жур­­­­на­листика сала­сының майталманы, Қазақстан Жазушылар және Журналис­тер Одақтарының мүшесі Қаршыға Есімсейітованың 60 жылдық мерейлі мерейтойы аталып өтілді. Салтанатты шара ең алдымен Н.Бекежанов атындағы драма театрда ұйым­дас­тырылып, өлең­сүйер қауым рухани мол қазына сыйла­ған шығармашылық кештің куәгері болды.
Айтулы мерейтойға байланысты Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің атынан қарымды қаламгерге құттықтау хат және мерейтойлық сый-сияпат табысталды.
Аудан басшысының құттықтау хатында:
«Құрметті Қаршыға Құрмашқызы!
Сізді Сырдария ауданының халқы мен жеке өзімнің атымнан 60 жылдық айтулы мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіз жауапкершілігі зор журналистика саласында қажырлы еңбек етіп, абырой биігіне көтерілген ардақты тұлғасыз. Терең біліміңізді, мол тәжірибеңізді қасиетті Сыр өңірінің руханият саласының дамуына жұмсаудасыз. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалы төрайымы ретінде жемісті еңбек етіп келесіз. Бүгінде Сізді өңірдің әдебиетке құштар жас ақын-жазушылары ақылшы ұстаз ретінде құрметтейді. Бұл қаламгерлік жолдағы беделіңіздің биіктігін білдіреді.
Сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке және қызметіңізге сәттілік тілеймін» – делінген.
Айта кетейік, саналы ғұмыры журналистика саласына арналған қарымды қаламгерге сырдариялықтардың ықылас-құрметі ерекше. Аудан әкімінің атынан көрсетілген құрмет-қошемет соның дәлелі іспетті.



24 желтоқсан 2019 ж. 691 0