Ана мен бала денсаулығы бәрінен маңызды
Әлем елдеріне қауіп төндірген «COVID-19» вирустық инфекциясы елімізді айналып өткен жоқ. Қауіпті індет үлкен-кішіні, жүкті әйел немесе сәбиді талғамады. Оның ішінде, ауданда жүкті әйелдердің коронавируспен тіркелуі байқалды. Жүктілік – толқуларға толы ерекше уақыт. Қазіргі жағдай олар үшін тіпті қауіпті. Себебі, жүкті әйелдердің иммунитеті әлсіздеу болып, олар өздері үшін ғана емес болашақ сәбилері үшін де сақ болуы қажет.
лаға өтуі (жұғуы) белгісіз. Бүгінде жұқпалы инфекцияның жүкті әйелдің қынап сұйықтығында, кіндік қанында немесе емшек сүтінде болатыны әлі анықталмаған. Алайда, мамандар бұл туралы деректер жинақталуда екенін айтады.
Аудан бойынша жүктілікпен есепке тіркелу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда биыл едәуір өскен.
– Елімізде пандемия басталған сәуір айымен қазан айы аралығында ауданда 475 жүкті әйел тіркелген болса, бұл көрсеткіш босану жасындағы әйелдердің 6,3% құрайды. Осы аралықта «COVID-19» диагнозымен 9 жүкті әйел тіркелген. Барлығы стационарлық ем-дом қабылдап шықты. Қазіргі таңда 8 әйел аман-есен босанды. Босанған аналардың нәрестелері жіті тексеруден өтіп, денсаулықтарынан ешқандай кемшілік табылған жоқ. Бір әйел желтоқсан айында босанады деп күтілуде. Ол барлық қосымша тексерулерден өтіп, қатаң бақылауға алынды, – дейді жоғарғы санатты акушер-гинеколог Маралхан Ноғайбекова.
Карантин уақытында ана мен бала денсаулығына жауапты мамандар (акушер-гинекологтар, акушерлер, аймақтық дәрігерлер, медбикелер) санитарлық талаптарды қатаң ұстана отырып, жұмыс жасауда. Олар жүкті әйелдердің тізімін жасап, қажетті кеңестер беріп, алғашқы көмек көрсетуде. Есепте тұрған жүкті әйелдерге аймақтық акушерлер онлайн байланыс жасап қашықтан бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда қауіп тобындағы және есепке жаңадан тіркелуге келген аяғы ауыр әйелдерге ғана емханаға келуге рұқсат етілген. Қалған есепте тұрған физиологиялық жүкті әйелдер қашықтан бақыланады. Бұл жұмыстардың барлығы сала мамандарының карантин кезінде ана мен бала денсаулығын сақтау үшін атқарып жатқан нақты шаралары. Мамандар ана мен бала денсаулығы бәрінен маңызды екенін айтады.
Айдана ҚАЛИЕВА