Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Біртанов ауылдағы әйелдердің жүктілікке немқұрайлы қарайтынын айтты

Біртанов ауылдағы әйелдердің жүктілікке немқұрайлы қарайтынын айтты


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін кулуарда жүкті әйелдерге үндеу айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш көп. Жыл соңын күтпей, қажетті шараларды қазір қабылдау қажет. Әйелдер екі нәрсені түсінсе екен: біріншіден, жүктілікке дайын болуы керек. Жүктілік кезінде ауыру өте қауіпті. Емханаға келіңіздерші, консультация алыңыздар. Екіншіден, жүкті болған соң тезірек тіркеуге тұруы тиіс. Қазір жеке компаниялармен бірге жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымша әзірледік. Қосымшаны жүктеп, тіркеліп өзінің жүктілігін бақылай алады. Егер де созылмалы, инфекциялық арулар, зиянды әдеттер болса дәрігерлерден жүкті әйелдерді сауықтыруды сұраймыз. Өкінішке қарай, шылым шегу де теріс әсер етеді. Шылым шегетін әйелдердің бірі көз жұмып, баласы аз салмақпен туылды. Алғашқы кезеңде өзін дұрыс ұстаса көп нәрсенің алдын алуға болады», - деді Біртанов.
Сондай-ақ ол «Көп балалы болу әйел денсаулығына зиянын тигізбей ме?» деген журналист сауалына жауап берді.
«Дәстүрлі түрде бізде көп балалы болу қалыпты саналады. Бұл жерде мәселе денсаулық индексіне байланысты. Егер әйелдің дені сау болса, оған қарсы көрсетілім бере алмаймыз. Егер баласы болмай, не бір ғана баласы болса, оған қарсы көрсетілім береміз. Сол себепті бірінші кезден олардың мәртебесін зерттеп, мониторинг жасау маңызды. Өкінішке қарай, әсіресе ауылдық жерлерде бұған немқұрайлы қарайды. Біз оларға қарсы көрсетілім деп айтамыз, сонда да жүкті болады. Менталитет өте қатты әсер етеді де, қауіп-қатерге басын тігеді. Содан ауылдық жерлерде өлім көп болып отыр. Осындай кешендік себеп бар. Дені сау болса барлығы жүкті болып, босана алады», - деп сөзін түйіндеді министр.
Назерке Абибулла
17 шілде 2018 ж. 1 006 0