Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Анемия дерті – жүкті әйелдер өліміне себепші

Анемия дерті – жүкті әйелдер өліміне себепші


Жүкті әйелдер арасында ең көп тараған қаназдық формасы – темір тапшылығы анемиясы. Жүргізілген зерттеуге сәйкес, аяғы ауыр әйелдер өлімін екі есе ұлғайтуға осы дерт себеп болып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

The Lancet Global Health британия медициналық журналында шыққан зерттеу мақалада анемия мен ана атануға дайындалып отырған әйелдер арасындағы байланыс туралы ақпарат жарияланды. Бұл зерттеу 29 елде жүргізіліп, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен жүзеге асқан.
«Жүкті әйелдер өлімі мен анемияның қаншалықты байланысы бар екені, эритроциттердің аяғы ауыр әйелдерге әсері туралы зерттеу басты мақсатымыз болды», - дейді Мария патшайым атындағы Лондон унисерситетінің докторанты, зерттеу авторларының бірі Джахнави Дару.
312 281 жүкті әйел зерттеліп, оның 4 189-ы ауыр анемияға шалдыққаны анықталған. Ал оның 341-і мерт болған. Сондықтан ана өлімі мен ауыр анемияның тікелей байланысы бар деген қорытынды жасалды.
Соңғы он жылда ана денсаулығы қалпына келгенімен, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 2015 жылы бала туу кезінде 300 000 әйелдің көз жұмғанын хабарлады. Ең өкініштісі, жүкті әйелдердің өліміне себеп болған дерттердің көпшілігін емдеуге болады.
Соның бірі – қаназдық. Одан әлемнің әр түкпірінде 500 млн әйел зардап шегеді. Ал жүктілік кезінде иммунитеті әлсірейтін әйелдер қаназдыққа өте тез душар болады екен. Темір тапшылығы анемиясын ағзаға темір дәруменін жеткізу арқылы емдейміз дейді дәрігерлер.
Жүкті әйелдердің аталмған дерттен дер кезінде емделмей, көз жұму факторлары көбінесе дамушы елдерде тіркелген. Мәселен, 2015 жылы алдын-ала ем қабылдамағандықтан, анемиядан Нигерияда 58 000, Үндістанда 45 000 жүкті әйел мерт болған.
«Бұл зерттеу саясаткерлерге арналған жолдау сияқты. Яғни, арнайы бағдарлама қабылданып, дамушы елдерде жүкті әйелдер денсаулығына тиісті деңгейде көңіл бөлінсе, ана мен бала өлімінің алдын алуға болады», - дейді Джахнави Дару.

21 наурыз 2018 ж. 2 269 4

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 19:54
Ciprodex Discount tadalafil cialis from india Cialis Levitra Viagra Cual Es Mejor Indications Canadian Prescription Drugs Online

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 12:28
Propecia Samples Online Elocon Tablets Pharmacy canadian pharmacy cialis Cialis Tablettes Cephalexin Lyme

Aaronattet от 16 маусым 2019 01:41

Geraldcax от 20 желтоқсан 2022 18:54