Қызметтік көліктердің қысқа дайындығы пысықталды
Бүгін Сырдария аудандық полиция бөлімінде автокөліктердың қыс маусымына дайындығы пысықталды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ибраев салалық орынбасарларымен бірге қызметтік көліктерді мұқият тексерді. Жалпы алғанда барлық көліктің техникалық талаптары бойынша бірқатар ескерту сала мамандарына жасалды. Әрбір учаскелік полиция қызметкері өз иелегіндегі көліктерге жауапкершілікпен қарап, ұқыпты, таза ұстауы назарға алынды.
– Қызметтік көліктерді жөндеу, техникалық байқаудан өткізу, қыс маусымында сапалы қызмет атқаруды үйлестіру маңызды. Қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылары тәулік бойы жұмыс жасауға қай кезде де дайын. Дегенмен, арнайы жұмыс барысында автокөліктің сапалы жүруі біршама қызметімізді жеңілдетеді. Сондықтан учаскелік полиция инспекторлары автокөліктің күнделікті күтіміне жауапты. Қыс маусымына арналған шиналарды орналастырып, қосалқы бөлшектерді жөндеу негізгі міндетіміз,– деді бөлім бастығы.
Негізінен облыстық полиция департаменті бұрнағы күні аудандық полиция бөліміне екі LADA нива автокөлігін сыйға тартқан болатын. Өз кезегінде аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ибраев жаңа автокөлік жүргізушілері учаскелік полиция инспекторлары, полиция аға лейтенанты Жандос Жұмабек пен полиция майоры Қайрат Адайға қатаң талап қойды. Жаңа қызметтік көлікке байланысты бірқатар тапсырма жүктеді.