Мерейлі еңбек, лайықты құрмет
Биыл өңіріміз аграрлық салада зор жетістікке жетті. Оның ішінде диқандар Сыр дақылы саналатын күріштен тау тұрғызып, рекордтық өнім жинады. Бұл жетістікте аудан диқандарының қосқан үлесі зор. Сырдариялық еңбеккерлер биылғы су тапшылығына қарамастан ерен еңбек үлгісін көрсетіп, қамбаны астыққа толтырды. Бұл аудан диқандарының мерейін үстем етті.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, науқандық жұмыстар аяқталған соң үздіктер марапатталады. Биылғы «Алтын дән – 2020» шарасы карантиндік талаптарға сай ұйымдастырылып, аудан озаттары мерей тұғырынан көрінді.
Мерекелік шараны аудан әкімі Т.Дүйсебаев құттықтау сөзбен ашты.
– Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ – аграрлық секторда» деп атап көрсетті. Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің ең маңызды түрі. Сондықтан аграрлы сала өркендемесе, ел дамуы да алға баспайды. Биыл әлемдік пандемияға байланысты «Алтын дән – 2020» мерекелік іс-шарасын жылдағыдай ауданда кең көлемде емес, карантиндік шектеулерді ескере отырып, өткізудеміз. «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана. Ысырапсыз жинап алу – мәре» деген Ыбырай Жақаевтың даналық сөзі бар. Күз маусымы – дала еңбеккерлерінің мерейі тасып, абыройы асқақтайтын кезең. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін атап өтті. Осы бағыттағы аудан диқандарының зор табысы – біріншіден, тынымсыз еңбектің жемісі болса, екіншіден, аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесі. Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланудың арқасында ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасты, – деді аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы.
Сондай-ақ, аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласындағы 9 айлық көрсеткішке тоқталды. Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 9,7 млрд теңгеге жетіп, өсім 2,5 пайызды құрап отыр. Салаға тартылған инвестиция көлемі де еселеп өсіп келеді. Атап айтқанда, 9 айдың ішінде 1 млрд 333 млн теңге инвестиция салынып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 25 пайызға артса, тамақ өнімдерін өндіру саласына тартылған инвестиция көлемі 0,5 пайызға өскен.
Ал карантиндік шектеулер мен су тапшылығына қарамастан аудан диқандары 21126 гектарға күріш дақылын орналастырып, әр гектарынан орташа өнім 63,5 центнерден келді. Нәтижесінде, қамбаға 134 158 тонна астық жинап, рекордтық өнімге қол жеткізілді.
Аудан еңбеккерлері алдағы көктемгі дала жұмыстарының негізін бүгіннен бастап қолға алуда. Сапасы жоғары 5200 тонна тұқым қоры әзірленіп, сүдігер айдау жұмыстары жүргізілуде.
– Су тапшылығы орын алғаны баршамызға аян. Сол себепті келесі жылы күріш дақылының көлемін азайтып, егіншілікте жоғары табыс әкелетін және суды аз қажет ететін дақылдар соя, мақсары, көкөніс, бақша, сонымен бірге, мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету үшін мал азықтық егін алқабын ұлғайтуда бірлесе жұмыс жасауымыз керек.
Егін шаруашылығымен бірге, өңір экономикасының негізгі резервінің бірі саналатын мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. Мемлекеттің осы саланы дамытуға жасаған қолдауының нәтижесінде төрт-түлік малдың басы айтарлықтай өсіп, өнім өндіру ұлғаюда. Есепті кезеңде мүйізді ірі қара 1,7%-ға, жылқы 0,8%-ға, түйе 0,2%-ға көбейіп, ет өндірісі 0,3%-ға, сүт өндірісі 0,8%-ға артқан.
Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданда 3 шаруашылық құрылымдары «Аграрлық несие корпорациясы» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалдары арқылы 136 млн теңгеге 225 бас асыл тұқымды қалмақ сиырын Ресей мемлекетінен сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Ауданда сала өндірістерін ұлғайту мен әлеуметтік маңызы бар азықпен қамтамасыз ету мақсатында құны 769 млн теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Аграрлы саладағы жетістіктерді атап өткен аудан әкімі сала жұмысын ілгерілетуге үлес қосып жүрген еңбеккерлерді мерекемен құттықтап, озаттарды марапаттады. Атап айтқанда, ауданның егін шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүрген «Мағжан және К» ЖШС-нің гидротехнигі Әсет Нұрмаханов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Құрмет грамотасымен», «С.Сейфуллин Жер» ЖШС-нің күрішшісі Жұманазар Шәкіров ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткішке қол жеткізген үздіктер мен озаттар әртүрлі номинацилар бойынша марапат тұғырынан көрінді. Оған қоса, егін шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бойынша үздік шаруашылықтар арасындағы «Аудан жеңімпаздары» марапатталды.

Е.Беркінбаев