Қызылордада анонимді алголиктер қауымдастығының жаңа тобы ашылды

Анонимді Алкоголиктер Қауымдастығы — ішімдіктен арылып, өз өмірін қайта қалпына келтіргісі келетіндерге тегін және құпия түрде көмек ұсынатын халықаралық ұйым. Ол қатысушыларға бір-бірін түсініп, қолдау көрсетуге, өз тәжірибесін бөлісуге және «12 қадам» бағдарламасы арқылы жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қазан айында қауымдастықтың Қазақстандағы өкілдігі Қызылорда қаласында жаңа топтың ашылғанын ресми түрде хабарлады. Енді өңір тұрғындары да тұрақты кездесулерге қатысып, рухани және моральдық қолдау ала алады. Анонимді Алкоголиктер Қауымдастығының тарихы 1935 жылдан бастау алады. Осы уақыт ішінде ұйым бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның өмірін өзгертті. Қазақстанда бұл қозғалыс 2013 жылы құрылып, бүгінде Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Атырау және өзге де қалаларда табысты жұмыс істеп келеді. Енді олардың қатарына Қызылорда қаласы да қосылды.
Жиналыстар офлайн және онлайн форматтарда өткізіліп, бұл көмекке мұқтаж әр адамға өзіне ыңғайлы жолмен қатысуға мүмкіндік береді.
Егер атаулы топқа қызығушылық танытсаңыз, www.aaorg.kz немесе төмендегі әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы таныса аласыз:
Instagram: aa_qazaqstan
Байланыс нөмірі: +7 707 208 05 53