Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста дене жаттығуларын өткізу ережесін бекітті

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста дене жаттығуларын өткізу ережесін бекітті

Денсаулық сақтау министрлігі жұмыс уақыты барысында ұйымдарда дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің қағидаларын бекітті. Бұл туралы Ашық үкімет порталында жарияланды, – деп хабарлайды 

«Дене шынықтыру жаттығуларын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта жұмыс беруші орындалатын жұмыстардың түрін, еңбек жағдайларын, қызметкерлердің жасы мен жынысын ескере отырып, дене шынықтыру жаттығулары кешенін әзірлеуі тиіс екендігі жазылған.

Физикалық жаттығу басталар алдында үй-жай таза ұсталуы және желдетілуі тиіс.

Орта есеппен әрбір жаттығу жасаушыға кемінде 1,5 м2 бос алаң тиесілі болуы тиіс. Жаттығу жасауға таңдалған орын қауіпсіз болуы керек. Физикалық жаттығу жұмыс күнінің бірінші жартысында жүргізіледі, оны өткізу ұзақтығы 10-15 минуттан аспайды, – делінген сипаттамада.
Жаттығулар жиынтығын әр 12-14 күн сайын өзгерту ұсынылады. Ол 2-3 минутқа созылатын кіріспе және негізгі гимнастикадан тұруы керек.
06 қараша 2020 ж. 286 0