Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Комиссия отырысының жұмысы селекторлық байланыс арқылы ұйымдастырылды.

Отырысты ашқан Қырымбек Көшербаев мемлекеттік рәміздердің қазақстандық бірегейлікті, отансүйгіштік сезім мен халық бірлігін қалыптастырудағы маңызының арта түскеніне тоқталды.

Отанды қастерлеу мемлекеттiк рәмiздерге деген құрметтен басталады. Мемлекеттік рәміздер – ел ішіндегі тұрақтылықтың нышаны, ұлттық рух пен қоғамдық келісімнің және патриоттық тәрбиенің аса маңызды құралы, – деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.
Жиында Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жаңадан құрылған геральдикалық орталықтың жұмысы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі мемлекеттік рәміздерді дәріптеу және қолдану саласы бойынша жұмыстардың жай-күйі талқыланды. Сондай-ақ Республикалық комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
05 қараша 2020 ж. 543 0