Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Адалдық. Заң. Ашықтық» тақырыбында семинар-кеңес өтті

«Адалдық. Заң. Ашықтық» тақырыбында семинар-кеңес өтті

Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің базасында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «АДАЛДЫҚ. ЗАҢ. АШЫҚТЫҚ» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылды. Kyzylorda-news.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты - білім беру ұйымдарында ашықтық пен әділдік қағидаттарын енгізу, адалдық құндылықтарын насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болды.

Семинар-кеңеске Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің комплаенс-офицері Әлібек Жаппасбаев қатысып, білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.

Іс-шараны Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева модератор ретінде жүргізіп, қатысушыларға адалдық, заңдылық және ашықтық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
31 қазан 2025 ж. 316 0