Мемлекеттік қызметтердегі «Заң мен тәртіп» цифрлық сервисі арқылы полицияға хабарламалар түсуде
 Қазіргі таңда «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде екінші деңгейлі  Kaspi.kz, Halyk Bank және eGov Mobile қосымшаларымен қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларды полицияға жолдау мүмкіндігі бар.  KYZYLORDA-NEWS.KZ
Қазіргі таңда «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде екінші деңгейлі  Kaspi.kz, Halyk Bank және eGov Mobile қосымшаларымен қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларды полицияға жолдау мүмкіндігі бар.  KYZYLORDA-NEWS.KZ Келіп түскен өтініштер мен шағымдар полиция қызметкерлерімен дер кезінде ақпаратты есепке алу кітабына енгізіліп, түпкілікті шешім қабылдау үшін тиісті қызмет саласына жолданады.
eGov Mobile және екінші деңгейлі Kaspi.kz, Halyk Bank қосымшаларындағы «мемлекеттік қызметтер» бөлігінде «Заң мен  тәртіп» тармағында құқық бұзушылықтың түрлерін таңдау арқылы оның фотосуретін, бейнежазбасын немесе мәтіндік үлгісін жолдауға болады.   
Жыл басынан Қызылорда облысының Полиция департаментіне бұл бағытта 206 хабарлама түсіп, оның біреуі бойынша қылмыстық іс тіркелсе, 43-не әкімшілік хаттама ресімделіп, 15-сі басқа қызмет салаларына жолданған. 
Мысал ретінде eGov Mobile қосымшасы арқылы Қызылорда қаласының Орталық алаңында жол белгі талаптарын өрескел бұзып, тыйым салынған жерге көлігін қойған Range Rover автокөлігінің жүргізушісі туралы бейнежазба түріндегі хабарлама түскен. Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен жедел түрде бағыт-бағдар беріліп, құқық бұзған жүргізушіге көлік құралдарының тоқтап тұру қағидаларын бұзғаны үшін  әкімшілік хаттама ресімделді. 
Айта кетерлігі бұл цифрлық сервис полицияның жұмысын тиімді, ашық әрі жедел етуге бағытталған нақты қадам. 
		









