Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Облыс әкімінің орынбасары дәріхана жұмысымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары дәріхана жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ауданға сапары барысында Тереңөзек кентіндегі «Lab Servicе company» ЖШС (бұрынғы «Ансар») дәріханасына барды. Мұнда дәріхана меңгерушісімен және фармацевт маманмен тілдесіп, қалыптасқан жағдайда дәрі-дәрмек қорының жасақталуын сұрады.

«Lab Servicе company» ЖШС дәріханасы аудан тұрғындарына тәулік бойы қызмет көрсетеді. Мұнда қазіргі кезеңде көп сұралатын "Азитромицин", "Цефтриаксон", "Дексаметазон", "Амоксициллин", "Аспирин", "Кагоцел" секілді дәрілер мен керекті дәрілердің орнын ауыстыратын антибиотиктер бар.

Дәріханада фармацевт Н.Мясцов бүгінде дәрі іздеген тұрғындар азайғанын жеткізді. Қажетті деген дәрілер, медициналық құралдар, антибиотиктер сатылымда екенін және тұрақты жеткізіліп тұрғанын атап көрсетті.

17 шілде 2020 ж. 934 0