Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ


Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған өзекті мәселелердің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор залалын келтіріп жатыр. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Қылмыстың мұндай түрiнің жол берiлуiне мүмкiндiк жасайтын бiрнеше сипаттамалар келтiре кетсек, олар: қанағатсыздық, пайдакүнемдiк, қызғаныш. Сондай-ақ, мансап қуу, өзiнiң материалдық жағдайын қанағаттандыру үшiн заңды, мораль нормаларын, кәсiби абыройын белден басуға дайын болу. Елбасы алдымызға нақты мiндеттер қойды. Сол міндеттерді барлығымыз ұстанып. Елбасының Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда одан әрі аянбай еңбек етіп, жемқорлықтың алдын алу шараларын белсенді жүргізу керекпіз. Осылай ғана сыбайлас жемқорлықты тиімді жолмен жеңеміз. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
А.ІЛИЯСОВА,
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы
23 желтоқсан 2018 ж. 1 431 0