Жоба бойынша шаралар ұйымдастырды
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Өйткені, ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс болып табылады.
Осы мақсатта «Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2018 жылы «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы бойынша біршама шаралар өткізді. Атап айтқанда: сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы ұсыныс-пікірлер жәшігін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және аудандық «Мекемелер үйі» ғимараттарында орнатты. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарымен меморандум жасалды. Кент және ауылдық округі бойынша тұғындармен кездесулер өткізілді.
Жоба аясында 2 рет акция өткізді: «Салауатты ұлт-жемқорлықсыз әлемге» атты денсаулық акциясы және брошюралар тарату акциялары.
«Арзан базар» және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдаулар өткізді.
«Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі жоба бойынша «Үздік аула» байқауын өткізіп, Тереңөзек кентінен 5 отбасы сайысқа қатысты.
Н.Өтепбергенов,
аудандық жастар ресурстық орталығы
Пікір 2