Үміткерлерге дауыс беру аяқталды
Еліміздегі жетекші партия саналатын «Nur Otan» партиясында биылғы жылы жаңа форматтағы ішкі іріктеу – праймериз ұйымдастырылды. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып, алғаш рет республикалық ауқымда пилоттық жоба қолға алынды. Мұның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттыққа, партияның, филиалдарының органдарына кандидаттарды ұсынуға және мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыным жасауға арналған партиялық тізімдерге одан әрі енгізу үшін алдын ала партияішілік іріктеу.
Праймериздің өткізілуіне байланысты Елбасы үндеу жарияланған болатын. Үндеуде партияішілік іріктеудің тиімділігіне тоқталып, «Биыл саяси партияларды тіркеудің сандық шегі екі есе азайтылды. Партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30% квота заңнама арқылы енгізілді. Партия билікке жаңа адамдарды – өз ісінің шеберлерін, беделді лидерлерді, шешім қабылдап, сындарлы ұсыныстар жасай алатын ел жанашырларын ұсынудың қайнар көзі болуы керек» – деп атап көрсетті.
Жалпы праймеризге еліміз бойынша кандидаттарды ұсыну мен тіркеу жұмыстары 17 тамызда басталып, 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында әрбір өңірден белсенді азаматтар ішкі іріктеуге қатысуға ниет білдіріп, үміткер ретінде тіркелді. Ал үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн уақыт берілді. Одан соң 7 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі аралықта үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өткізілді. Пікірсайыстарда үміткерлер өздерінің бағдарламаларын ұсынып, елді дамыту жолындағы атқаратын жұмыстарын жеткізді. Айта кету керек, пікірсайыстар «Primariez.kz» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында жарияланып тұрды.
Партияішілік іріктеуде үміткерлерге дауыс беру жұмыстары республикада тұңғыш рет онлайн форматта жүргізілді. Еліміздегі карантин талаптарын ескере отырып, партия Төрағасының тапсырмасымен үміткерлерге онлайн форматта дауыс беру үшін арнайы «Primariez.kz» жүйесі іске қосылды. Осы арқылы 1-4 қазанда мобильді қосымша жəне арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беру жүзеге асты. Дауыс берудің соңғы күні партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет желісі жоқ елді мекен тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс берді.
Аудан бойынша праймериз үміткерлеріне дауыс беру үшін 18 арнайы дауыс беру орындары белгіленді. Олардың 15-де онлайн, 3-де бюллетень арқылы дауыс беру жүргізілді. Дауыс беру орындарында барлық санитарлық талаптар сақталды. Нәтижесінде, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының «Фейсбук» әлеуметтік желісінде жоғары дауыс жинаған алғашқы 7 үміткердің есімі жарияланды.

Е.Беркінбаева