Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партияішілік іріктеу – ілгерілеу негізі

Партияішілік іріктеу – ілгерілеу негізі

Праймериз – қоғамның дамуына өз үлесін қосуға ынталы, белсенді әрі тың идеялары көп азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Руслан Рүстемов сырдариялықтарға арнаған Үндеуінде атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясы «Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасы негізінде партияішілік іріктеу өткізуді қолға алған болатын. Былтыр пилоттық жоба ретінде ұйымдастырылған праймериз Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл еліміздің барлық өңірінде өткізілмек. 17 тамызда басталған, бірнеше кезеңнен тұратын партияішілік іріктеу – жетекші партия тарихындағы ауқымды жоба. Праймериздің бас­ты мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық корпусты қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға үміткерлерді ұсыну үшін мықты көшбасшыларды анықтау болып табылады. Бұл қоғамның дамуына өз үлесін қосуға ынталы, белсенді әрі тың идеялары көп азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік. Сондықтан аудан тұрғындары мен бастамашыл топ мүшелері праймеризге белсенді түрде қатысады деп сенемін» деген аудандық партия филиалының төрағасы өткен жылы пилоттық жоба ретінде Сырдария ауданында ұйымдастырылғанын партияішілік іріктеу ашық, жария түрде өткенін және жоғары деңгейде қорытындыланғанына тоқталды. Осы ретте жетекші партияның аудандағы мүшелері мен жақтастары биыл да ауқымды жобаның абыроймен өтуіне атсалысарына сенім білдірді.
«Партияішілік іріктеу шарасы коронавирус пандемиясымен сәйкес келіп отыр. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігі үшін праймериз онлайн форматта өткізілмек. Бұл жетекші партияның ашық әрі қолжетімді жұмыс жүйесі қалыптасқанын білдіреді. Праймериздің тағы бір ерекшелігі – партия мүшесі болып табылмайтын, бірақ білімі мен тәжірибесін туған елінің қажетіне жұмсауға мүдделі азаматтардың да іріктеуге қатыса алуы. Сондай-ақ әйел азаматтар мен жастарға мол мүмкіндіктер ұсынылуда. Осы ретте
Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосамын деген азаматтарды праймеризге қатысуға шақырамын. Жобаға қатысушыларға сәттілік тілеймін!» – деген аудан басшысы өз Үндеуінде.


Балтабай Ордабеков
22 тамыз 2020 ж. 591 0