Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекемен құттықтады

Мерекемен құттықтады

«1 қазан – Халықаралық қарттар күніне» орай аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қариялар­ды мерекемен құттықтады.
– Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Бұл даналық сөз қазақ қоғамында ардагерлердің алар орны ерекше екенін білдіреді. Түптеп келгенде, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің астарында алдыңғы буын өкілдердің қажырлы үлесі мен елеулі еңбегі бар. Сол үшін кейінгі ұрпақ ардақты ардагерлерді, еңбек майталмандарын қашанда үлгі тұтып, өмірлерін өнеге санайды. Табиғатынан ерекше туып, парасаты мен пайымын, ақылы мен адамгершілігін, білімі мен біліктілігін, елі мен жерінің пайдасына жаратқан ақсақалдардың арамызда жүргені қуаныш. Бірлігі бекем, ынтымағы ырысты елде ғана береке болатыны белгілі. Сондықтан бірлікті ту етіп, қоғам дамуы­на үлес қосып жүре беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, – делінген аудан әкімінің мерекелік құттықтауында.
Қарттар мерекесі қарсаңында аудан әкімі биыл 90 жасқа келген «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», еңбек және тыл ардагері Рақымжан Бәйменовті мерейтойымен құттықтады. Тоқсанның төріне шыққан ақсақалға облыс әкімінің «Құттықтау хатын» табыс етіп, сый-құрмет көрсетті.
Е.Беркінбаев


03 қазан 2020 ж. 646 0