Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 ұстазға жолдама тапсырылды

23 ұстазға жолдама тапсырылды

Жыл сайын мұғалімдердің төл мерекесі ұстаздар қауымы үшін ерекше сый-құрметімен келеді. Биылғы мерейлі қуаныш дәстүрлі салтанатпен басталды.

Аудан орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде мерекелік шара өтті. Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Омаров, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы А.Есназар қатысып, марапаттау рәсімін жасады.

Салтанатты жиында білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстармен қатар, "Алтын белгі" иегерін дайындаудағы қажырлы еңбегі үшін құрмет қошеметке бөленген 23 ұстазға облыстық кәсіподақ комитеті атынан Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы "Біркөлік" шипажайына жолдама табысталды.

– Білім саласында қажырлы еңбек етіп жүрген барша ұстаздар қаумын төл мерекемен құттықтаймын. Биылғы жылдың жаңа оқу жылы өз ерекшеліктерімен басталды. Дегенмен шығармашылық жолында жетістікке жеткен ұстаздар қауымы қашанда құрметке лайық. Бүгін шәкірттері Алтын белгіні иеленген алғашқы ұстаздарды дәстүрлі түрде марапаттап, алдағы уақытта жолдама арқылы шипажайда демалатынын қуанышпен хабарлаймын. Мереке құтты болсын. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын. Ұстаздық жолда абыройлы болыңыздар, – деді білім бөлімінің басшысы Қ.Бердіханұлы.

Марапаттау рәсімінде білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Есназар ұстаздар қауымын құттықтап, ұйым атынан сый-сияпат жасап, гүл шоғын ұсынды.

Өз кезегінде марапат төрінен көрінген ұстаздардың атынан ардагер-ұстаздар Г.Қалмағанбет пен Қ.Байзақова ризашылықтарын білдірді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
02 қазан 2020 ж. 476 0