Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздарға Жаңа жылда тосынсый жасалды

Ұстаздарға Жаңа жылда тосынсый жасалды

Аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында Жаңа жыл мерекесіне орай ұстаздарды қабылдау өтті.
Мерекелік кездесуді аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Омаров ашып, жи­налған ұстаздарды мере­кемен құт­тықтады. Биылғы оқу жылында толағай табысқа жетіп, «Алтын белгі» иегері атанған түлектердің бастауыштағы мұға­лімдеріне Нұр-Сұлтанға танымдық туристік саяхатқа жолдама тап­сыр­ды. Жыл қорытындысында облыс бойынша ауданнан үш білім ордасы үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда №35 Иса Тоқтыбаев атын­дағы мектеп-лицей – «Жаңа идеялар жаршысы», №36 Ә.Тәжібаев атын­дағы мектеп-лицей – «Үздік технологияларды қолданушы», №37 мектеп-лицей – «Өнер-білім шамын жаққан» номинациясын иеленді. Білім саласында атқарылған жұмыс ауқымды. «Жастар жылы» аясында жас педагогтарға шығармашылық, кәсіби біліктілік тұрғысынан қолдау көрсетілді. Бағдарлы білім беру тетігі жаңартылып, түрлі бағытта ұстаздар біліктілік арттырды.
Қабылдауда аудандық білім қызмет­керлері кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Есназар сөз алып, ұстаздардың қажырлы еңбегінің арқасында жыл табысты қорытындыланғанын жеткізді. Әркез жоғары көрсеткішке ие болып, белсенділік танытқан білім саласы қызметкерлеріне Құрмет грамотасын, Nur Otan партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарованың алғысын табыстады.
Өз кезегінде аудан педагогтары ұстаздар кұрметіне халық әнін айтты.

Б.ОРДАБЕКОВ
31 желтоқсан 2019 ж. 721 0