Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Праймеризге қатысушы Сыр жастары Үндеу жариялады

Праймеризге қатысушы Сыр жастары Үндеу жариялады

Үндеуде олар бір мақсат, бір мүдде жолындағы жұмыстарды жалғастыратынын жеткізді. Бәсекелес емес, өңір дамуы жолында тың бастамалар мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға ынталы алып күш екендіктерін алға тартты, – деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Primaries» партияішілік іріктеу өтуде. Алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде және барлық деңгейдегі мәслихаттарда жастардың үлесі 20 пайызды құрайтын болады.

Сыр жастары бұл бастамаға ерекше қолдау танытуда. Статитистикаға сүйенсек, қазір облыс бойынша 35-ке толмаған праймеризге қатысушылардың үлес салмағы 144, ал, облыс орталығында – 29 адам. Айта кету керек, қазіргі таңда жас кандидаттар бағдарламаларын әзірлеп, түрлі форматта кездесулер өткізіп, ел ұсыныстарын жинақтауда. Мұнымен қоса, «Primaries»-дің үгіт-насихат жұмыстары барысында әрбір кандидат «Jastar Otanga–2025» бағдарламасы аясында атқарылатын нақты міндеттерді ұсынуда
24 қыркүйек 2020 ж. 259 0