Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Праймеризге үміткер жастармен кездесті

Праймеризге үміткер жастармен кездесті

Ішкі партиялық іріктеуге, яғни праймеризге қатысу үшін "Жастар" БПҰ атынан ұсынылған Ақтөре Ибрагимұлы бүгін аудан жастарымен кездесті. Аудандық "Жастар ресурстық орталығының" мәжіліс залында өткен басқосу карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Ақтөре Ибрагимұлы "Nur Otan" партиясы қолға алған праймериздің жастар үшін зор мүмкіндік екенін айтып, өзінің алдағы жоспарларымен, мақсат-міндеттерімен бөлісті.
 
– Аудан жастарының мәселелерін бағдарламама енгіздім, ауданның дамуы үшін белсенді жастармен бірлесе жұмыс жасауға басымдық беретін боламын, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Өз кезегінде  аудандық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Ғани Оралов праймеризге үміткердің бағдарламасында көрсетілген бағыттарды қолдайтынын жеткізді және іректеу жұмыстарының нәтижелі қорытындыланатынына сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Ол сондай-ақ ізденісті серік еткен, белсенді және алға ұмтылған жастарға мүмкіндік көп екені жөнінде бірқатар мысалдар келтірді.

Кездесу соңында басқосуға қатысушы жастарға Ақтөре Ибрагимұлы өз ризашылығын білдірді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

11 қыркүйек 2020 ж. 586 0