Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жастар карантин шараларын талқылады

Жастар карантин шараларын талқылады

TIRSHILIK-TYNYSY.KZ Бұрнағы күні  аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы жастармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ж.Қасымханов, Nur Otan партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, ауданға қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандары қатысты.

Кездесудің мақсаты - бүгінде әлемді шарпып тұрған індеттің алдын-алу бағытында жастармен жұмыс жасау болып табылады.

Жиын барысында жастар ресурстық орталығының маманы С.Сыздықова Елбасы Н.Назарбаевтың үндеуін тілге тиек етіп, карантин кезінде атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Ж.Қасымханов аудан халқы арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қаулымен және ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен бірге Nur Otan партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов  жастарды дертке қарсы бірге күресуге, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Өз кезегінде елді мекендерге қарасты жастар мамандары карантин кезінде атқарған жұмыстарына тоқталып, ұсыныстарын ортаға салды.
05 шілде 2020 ж. 596 0