Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Планшеттерді сыйға тартты

Планшеттерді сыйға тартты

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Биылғы оқу жылы карантиндік талаптарға сәйкес қашықтан оқытыланы белгілі. Осы ретте, оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл іске жанашыр азаматтар, кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары қолдау білдіруде. Осындай қамқор жандардың қатарында «А.Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-нің төрағасы Бақытжан Жақып та бар.

Ауылдағы шаруашылық тізгінін қолға алған төраға Құрбан айт мерекесінде елді мекендегі 30 үйге 300 мың теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсеткен болатын. Енді міне жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың білім алуына қажетті 20 планшетті сыйға тартып отыр. Б.Жақып елді мекендегі көп балалы, аз қамтылған отбасы үйлеріне арнайы барып, келе жатқан білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ электронды құрылғыларды табыс етіп, жастардың сапалы білім алуына тілекші екенін жеткізді.

Осындай жанашыр азаматтардың қолдауының нәтижесінде карантиндік талаптарда оқушылардың білім игеруіне мол мүмкіндік жасалуда.

30 тамыз 2020 ж. 481 0