Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қызылордадағы 222 мектеп қашықтан білім беруге дайын

Қызылордадағы 222 мектеп қашықтан білім беруге дайын

Биылғы жаңа оқу жылының ерекшелігі 1 қыркүйектен бастап қала мектептері жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшіріледі. Яғни, Арал ауданынан – 9 мектеп, Қазалы ауданынан – 3 мектеп, Байқоңыр қаласынан – 5 мектеп, Қызылорда қаласынан – 41 мектеп, барлығы 58 мектепті аталған механизмге енгізу үшін барлық жоспарлы дайындық жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

-Облыстағы 222 мектептегі 116 888 оқушы қашықтан оқытылады. Қашықтан оқыту BilimLand, Дарын-онлайн интернет платформалары арқылы жүргізіледі. 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы 3141 топта дәстүрлі оқиды. Шалғай орналасқан елді-мекендегі 71 мектептен 10712 оқушы дәстүрлі оқытылады. 25 елді мекендегі 2187 оқушы дәстүрлі түрде оқиды. 2020-2021 оқу жылында облыстағы 30 колледжде қашықтан оқыту жүйесінде білім беру жүзеге асырылатын болады ,-деді Ақзира Бақтыбайқызы

Сонымен қатар, қала, аудан әкімдіктері дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы басталды. Биылғы жылғы акцияның мақсаты - әлжуаз отбасынан шыққан балаларды электронды құрылғылармен және интернетпен қамтамасыз ету.

19 тамыз 2020 ж. 1 152 0