ҚОҒАМ ДЕРТІНЕ ЖОЛ ЖОҚ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына арнап, еліміздің алдағы уақыттағы қарыштап дамуының басымдықтарын нақтылап берді. Бұл мемлекеттің өркендеуіне арналған стратегиялық құжат болып отыр. Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы бірінші кезекте еліміздің жетістіктерін атап, экономикалық және әлеуметтік салалар аясындағы негізгі 10 басым бағытты атап көрсетті. Оның ішінде, қоғам дерті болған сыбайластықпен күрес толастамайтынын тоғызыншы міндетте ерекше атап өтті.
Елбасы аталған міндетте «Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады» деп, жемқорлыққа жол бермеудің басты шараларының бірі – цифрландыру екенін жеткізді. Яғни, халық арасында барлық қарым-қатынас сандық жүйеде, электронды нұсқада жүзеге асатын болса қоғам дерті орын алмауы мүмкін. Біздің қоғамда оған орын жоқ.
Жалпы, айтқанда Мемлекет басшысы пара алған да, пара берген де жазасыз қалмайтынын Жолдауда статистикалық мәліметтер арқылы көрсетті. Мұндайға жол бергендер өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл өз болашағыңа үлкен кедергі екені сөзсіз. Осыны ескерткен Елбасы өз Жолдауында сыбайластықтың алдын лау бағытында көп жұмыс жасалғанын, әлі де жалғасын таба беретінін жеткізді. Сондықтан Мемлекет басшысы айқындап берген міндеттің іске асуына бәріміз бір кісідей атсалысқанымыз жөн. Өйткені, егемен елімізде қоғам дертіне жол жоқ.
Ғалия АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы