Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ


Баланы жан-жақты тәрбиелеу, өмір­ге деген құлшынысын арттыру білім қызмет­кер­ле­рінің басты міндетіне кіреді. Бүгінде мектеп оқушыларының шығармашылығын дамытып, өз-өзін танып-білуге, қоғамда тұлға ретінде қалып­тасуына ықпал ететін «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор. Осы орайда, «Өзін-өзі тану Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің әуез пәнінің мұғалімі Үміт Ерназардың ұйымдастыруымен «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән байқауы өткізілді.

Байқауға мектеп оқушылары Ж.Наршаев, Ж.Алтайқызы, Г.Келдібай, А.Нұрмұхаммед, С.Хаби­буллаева, А.Абдуллаев, Д.Асылбеков, А.Сариев, А.Ерғабылов, Н.Кеңесбаев, Ж.Тасқалиева, Г.Шағы­ровалар қатысып, отбасы туралы әндерді шырқады. Балаларды адамгершілік пен мейірімділікке бау­лу мақсатында өткізілген шара мазмұнын жинал­ғандарға ұстаздар айтып жеткізді.
Қашанда кішкентайынан үлкенді құрметтеуге дағдыланған бала есейгенде жақсы азамат болып қалыптасатындығы белгілі. Осы ретте, отбасы құндылығын дәріптейтін 2-7 сынып оқушылары арасындағы байқау көпшілік көңілінен шығып, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұстаздар «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі бағытын түсіндіріп, бала мен ата-ананың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды атады. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымнан құралған әділ-қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық дең­гейін ескеріп, жеңімпаздарды анықтады. Кеш қоры­тындысында өнерпаздарға арнайы диплом мен алғыс хат табыс етілді.

Балтабай АЯБЕКҰЛЫ
27 ақпан 2018 ж. 2 092 1

Taren от 6 маусым 2025 22:16
Cheers, I enjoy it. casino en ligne Nicely put, Thanks! casino en ligne Seriously many of awesome knowledge! casino en ligne Wow a good deal of awesome material! casino en ligne francais Really quite a lot of awesome tips! casino en ligne Whoa a good deal of useful facts! casino en ligne Kudos, Terrific stuff. meilleur casino en ligne You said that very well. casino en ligne Whoa a good deal of helpful facts! casino en ligne You actually suggested this well. casino en ligne France