Сара Назарбаеваның туған күнінде мектептерде «Өзін-өзі тану» оқытылады
12 ақпан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымдарында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары «Өзін-өзі тану» сабағымен басталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы және рух беруші Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңірлердегі 71 білім беру ұйымда жалпы оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың осы кезеңінің ерекшілігі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталуымен айқындалады.
Бағдарлама оқушылардың кең ауқымды әлеуметтік рольдерді, өмірлік және білім беру стратегияларды, ерекше моральдық-құндылық бағдарларға басшылық жасауды меңгеруге бағытталған және отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
«Қамшы» сілтейді