Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Руслан РҮСТЕМОВ, Сырдария ауданының әкімі: Алдағы міндеттер сараланды

Руслан РҮСТЕМОВ, Сырдария ауданының әкімі: Алдағы міндеттер сараланды

Аудан әкімі Руслан Рүстемов  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазба жариялады. 

– Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бердім. Онда биылғы жылдың алғашқы 6 айында атқарылған жұмыстар баяндалып, алдағы міндеттер сараланды.

Елдегі қалыптасқан жағдайда ауданның экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы сақталуда. Бұған дейінгі әлеуметтік желіде жариялаған жазбамда хабарлағандай, аудан экономикасына тікелей ықпал жасайтын өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасып, алғашқы жартыжылдықта 67,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 69 пайызға артты. Ал өткен жылмен салыстырғанда биылғы алты айлықта негізгі капиталға салынған инвестиция, құрылыс жұмыстарының көлемі және тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіштері төмендеп отыр. Бұл бойынша алдағы уақытта оң нәтижеге жетуге күш-жігерімізді жұмылдырсақ, жоспарды толық орындауға мүмкіндігіміз бар.

Тұрғындардың көкейінде жүрген Тереңөзек кентін газдандыру – биылғы жылдың ең басты мәселесі. Көгілдір отын іске қосылатын күнді бәріміз асыға күтіп жүргеніміз анық. Бұған қатысты аудандық газетке және әлеуметтік желіге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияровпен сұхбат жарияланды. Онда пандемияға байланысты елімізде енгізілген төтенше жағдай кезеңінде газдандыру жұмыстарының уақытша тоқтағаны, шет мемлекеттен келетін қажетті жабдықтардың мерзімінен кеш жеткені айтылды. Осыған байланысты тапсырыс беруші облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысымен пікірлестім. Өкінішке қарай, Тереңөзек кентін жылу маусымына дейін көгілдір отынға қосуға үлгермейтініміз анық болып отыр. Сондықтан осыған дейін хабарлағанымыздай, аудан тұрғындары қазіргі кезден жылу маусымына ертерек қамданғандары жөн.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысымен аудан бюджетінің көлемі ұлғайды. Осы бөлінген қаражатты мақсатты пайдаланып, елді мекендердегі әлеуметтік нысандар мен көшелерді жөндеуге жұмсайтын боламыз. Атап айтқанда, Тереңөзек кентіндегі «Айгөлек» балабақшасын ағымдағы жөндеу, кенттегі А.Оразбаева көшесі бойына футбол алаңын салу, А.Тоқмағамбетов ауылындағы «Балауса» балабақшасы ғимаратын ағымдағы жөндеу, елді мекендегі Ш.Ташимов және С.Ысқақов көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Шаған ауылындағы Ж.Омаров, Қоғалыкөл ауылындағы Алтынсарин, Қалжан ахун ауылындағы Шідербаев көшелері орташа жөндеуден өтеді және Аманкелді ауылындағы Тышқанбаев көшесі жарықтандырылады.

Алдағы уақытта атқарылатын жобалардың ішінде ауданның 11 елді мекеніне салынатын тұрғын үйлер құрылысы да бар. Әр ауылда 3 бөлмелі 3 тұрғын үйден салуды жоспарладық. Биыл осы 33 тұрғын үйдің құрылысын бастауға тәуекел етіп отырғанымызды ерекше қуанышпен жеткізгенді жөн санап отырмын. Ауылдарда тұрғын үйлер бой көтерсе, баспана мәселесі де реттілігімен шешімін табады.

Енді аз уақытта егін жинау науқаны басталуға жақын. Аудан шаруашылықтары егістіктегі суды кезең-кезеңімен байлай бастады. Екі аптадан кейін диқандар егінге орақ салады. Ырысты шақта еңбеккерлер мерейінің үстем болуына тілекшіміз. Диқандар биыл да межеден асатынына сенім мол.

Қырман дәнге толсын!, –делінген жазбада.

14 тамыз 2020 ж. 592 0