7 оқу гранты бөлінді
Өңірге қажетті мамандықтар бойынша 2020-2021 оқу жылына орай Сырдария ауданына облыс әкімінің 7 оқу гранты бөлінді.
Олар:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне – 4 грант:
– Орыс тілі мен әдебиеті – 1;
– Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру – 1.
Дәстүрлі өнер институтына – 2 грант:
– Дәстүрлі музыка өнері – 1;
– Сәндік қолданбалы өнер және халықтық кәсіпшілік – 1.
«Болашақ» университетіне – 1 грант:
– Электроэнергетика – 1.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне – 2 грант:
– Жалпы медицина – 2.
Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» №123 шешіміне сәйкес қажетті құжаттар тізбесін Тереңөзек кенті тұрғындары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне, елді мекен тұрғындары ауылдық округ әкімі аппаратына өтінішпен жүгінеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басты куәландыратын құжат;
2) өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат;
6) ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша сертификатының көшірмесі;
7) орта білімі туралы аттестат көшірмесі.
Ескерту. Педагогикалық мамандықтарды таңдаған талапкерлер арнаулы емтихан тапсырғандығы туралы сертификатын қоса тапсыруы қажет.
Қосымша ақпаратты Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміндегі /872436/ 21-5-72 байланыс телефоны арқылы алуға болады.